7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Ондағы негізгі ойды жырдың мазмұнымен байланыстырыңдар. «Махаббат» сөзінің мағынасын ашып постер дайындаңдар.
Өмірдің тұтқасы — осы ұлы махаббат сезімінде. Ғашық болсаң,
саған күн де, гүл де, жан-жағыңдағы адамдар да күліп, қызыға қарап
тұрған секілді. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын
оқи отырып, махаббатты жоқ деп айтуға да қорқасың. Махаббат бар,
ол адаммен бірге жүреді. Тек оны аялай білу керек. Әрбір адам – өз
махаббатының бағбаны. Солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю
керек екендігін білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі
жайқалып тұруына жағдай жасап отыруы тиіс. Махаббат — дүниедегі
барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ.
Ә. Нұршайықов ​

BeseliaslivMisfit BeseliaslivMisfit    2   11.02.2021 15:20    6

Ответы
АнастасияКот26 АнастасияКот26  13.03.2021 15:22

Махаббат бар-жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күштің иесі. Үлкен, ұлы махаббат көрінгеннің басына қона беретін қасиет емес екен. Бал арасы гүлдің ең әдемісіне, тәттісіне қонғанындай, махаббат та жан-дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады. Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Сондықтан да махббат та ақыл-ойы терең, адамгершілігі жоғары сатыдағы, махаббатты құрметтей, қадірлей білетін пенделерге таңдап қонатын бақыт екен. Ұлы Абай атамыз: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» демейтін бе еді!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi