7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен баламалы қуат көзінің қайдан алынатынын тауып, сипаттаңдар. Бұл өнертабысты отандық ғылымның жетістігі
деуге бола ма? Елге қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
Заманауи киіз үй
Ақтөбе қаласының Сазды өзені
маңындағы қырда алты қанатты
киіз үй орнатылды. Әрі сол биік
жерге бейнебақылау камерасы
қондырылды. Бүл - жайылымда
жүрген малды бақылап, қажет
кезде айдап келуге өте ыңғайлы
күрал.
«Алғашында желден қуат ала-
тын қондырғыны тәжірибеден
Ақтөбе қаласы Салды өзені
өткізген едік. Жел қатты соққан
маңындағы киіз үй
күні техникалар істен шығып,
күннен қуат алатын батареяларға көштік. Өте ыңғайлы. Күннен қуат
алып, бүлақ суына мотор орнатып қойдық. Қазір су үздіксіз келіп тұр.
Бейнекамералар арқылы жайылымды қарап отыруға болады», - деді
кесіпкер.
Күннен қуат алатын батареямен жабдықталған киіз үйдің кереге,
уық, шаңырағы бар. Тек пластикалық есік қондырылып, қабырғасы
лего кірпіштен қаланған. Үйдің іші киізбен қапталған. Үй қыста пеш-
пен жылытылып, электр энергиясымен жарықтандырылады. Кәсіпкер
келешекте мұндай киіз үйдің үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.