7-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңізге сұрақтар қойып, диалог құры- ңыздар.
Вот текст:

Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маң-

дағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Кешегі «мен көшемін»

деген кісі сайдан топырақ тасып жүр.

Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы

тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан

қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде, «осылар қазақша сөзімді түсінбес» деп жүрексініп еді, олай

болмады, кіріп барған жігітке:

- Амансың ба? - деп қазақша

сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров

орнынан тура келіп, қолын өзі

берді.

- Амансыз ба? - деді, не айта-

рын білмей қалған Әліш те.

Жүмыс сүрай келдің бе?

- Иә.

- Ендеше, мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар,

ол саған жүмыс береді, Ендігі сенің бастығың сол болады.

- Қүп.

Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан

тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге

топырақ тартты, Азғана күннің ішінде жап-жазық далада топырақ

жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе - көл» деген осы

екен-ау деп ойлады Әліш.

Аз күнде Өліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы

жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы

тасылған топырақты тегістеп, нықтаптап, енді бірсыпырасы

тақтай тілуге кірісті…

UskovaV99 UskovaV99    3   13.09.2020 10:00    56

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi