7-тапсырма. Мәтін бойынша ой бөлісіңдер. Мәтіндегі 1-абзацты сұраулы
және лепті сөйлемдерге айналдырыңдар.
Өнер жолында
Өнер жолына түскен отызыншы жылдардың орта кезінен бастап
тыңдаушысын әсем дауысымен, актерлік шебер өнерімен баурап алған
үлкен өнер дарын иелерінің бірі – Қазақ КСР халық әртісі Кәукен
Кенжетаев. 1936-1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы
қазақ студиясында оқыған ол сұрапыл соғыс кезінде Хабаровскідегі ше-
гарашылар ансамблінде қызмет етті. К. Кенжетаев – 1946 жылдан бас-
тап Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының
солисі. Осы театр сахнасында өткен қырық жылдың ішінде талантты
әнші әр қырынан танылып, небір күрделі рөлдерді атқарды.
К. Кенжетаев көп жыл режиссерлік қызметпен де айналысты. Ол
халық әндерін, халық композиторлары мен қазіргі қазақ сазгерлерінің
туындыларын насихаттауға да зор үлес қосты. 1957 жылдан бері бір-
сыпыра кинофильмге түсті.
Кәукен кинода жиырмаға жуық рөлде ойнады. Солардың ішінде
ерекше аталатындары - «Ел басына күн туса» фильміндегі Бауыр-
110