(7-ши сурактын ответи керек емес) 1. Бас әріппен келген сөздердің дұрыс жазылғандарын табыңдар.
A) Ұлы жібек жолы
B) қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері
C) Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік Федерация
D) Ғылым академиясы
2. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөзді белгілеңдер.
A) қазақ елінің қаһарманы
B) инновациялық еуразия университеті
C) білім және ғылым министрлігі
D) біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясы
3. Емле ережесі бойынша жазылған сөзді белгілеңдер.
A) ойсылқара
B) Қамбарата
C) Ер Тарғын
D) Біржан Сал
4. Атаулардың барлық сөзі тек бас әріппен жазылатын ережені белгілеңдер.
A) Халық, ұлт, тайпа аттары
B) Кісі аттарымен келген оңашаланған айқындауыш
C) Әртүрлі мекемелердің атаулары
Д) Мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың
күрделі атаулары
5. Емле ережесі бойынша жазылған сөзді белгілеңдер.
A) Сағатпек
B) 9-мамыр
C) Наурыз мейрамы
D) Қазақстан-Ресей Келіссөзі
6. Ғылыми стильдің ерекшелігін белгілеңдер.
A) Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға
негізделеді.
B) Сөйлемдер сауатты құрастырылып, бастауыштық қатынаста болады.
C) Образды сөздер көптеп кездеседі.
D) Арнайы сөйлемдер қолданылып, көркем сөздермен әсіреленеді.
7. Бас әріппен жазылатын сөздерді сәйкестендіріңдер. Дұрыс жауапты
таңдаңдар.
8. Публицистикалық стильдің негізгі белгісі:
A) Қоғамдық пікірлердің жиынтығы
B) Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау
С) Сөйлемдер сауатты құрастырылып, бастауыштық қатынаста болады
D) Образды сөздер көптеп кездеседі
9. Жинақы мәтін немесе компрессия деген не?
A) Біршама жинақы пішінге келтіру үшін, бастапқы мәтінді өзгерту арқылы
жүзеге асырылатын тәсіл. Сөйлемдегі артық элементтер алынып, жинақы
құрылымдар қалады
B) Сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік элементтердің комбинациясы
С) Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай
келуі
D) Сандық заңдылықтарды (сын есімнің, үстеудің т.б.) тауып, мәтіннің тілдік
құралдарының сапалық айырмашылығын табуға көмектесетін ықтималдыстатистикалық әдіс
10. Тезис деген не?
A) Қоғамдық пікірлердің жиынтығы
B) Аударма мәтіндерден ықшамдалып құралған сөйлемдер
С) Баяндаманың, лекцияның, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі
қағидалары
D) Образды сөздер көптеп кездесетін баяндама
11. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі, қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады
B) Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен
C) Мына жайды байқадың ба
D) Көзіңе қарамайсың ба деп шаңқ етті
12. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемді белгілеңдер.
A) Олжабек бұл жолы жауапты қолма-қол қайырды
B) Бименденің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды «Сыздық ауылы» дейтін
C) Уа ағайын Арадағы түйткілді қан төкпей-ақ шешсек болмай ма
D) Қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді
13. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін
белгілеңдер.
– Астапыралда! – деді Итбай.
A) Төл сөз, одағай
B) Қаратпа сөз, төл сөз
C) Төл сөз, қыстырма
D) Лепті, қыстырма, диалог
14. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңдар.
A) Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда
B) Ой санамалап айтылса
C) Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе
D) Оқиға толық айтылмай тоқталса
15. Ой санамалап айтылғанда қойылатын тыныс белгі:
A) Үтір
B) Нүктелі үтір
С) Сызықша
D) Нүкте

Roland227 Roland227    3   24.05.2021 20:34    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi