7. Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, орындаңдар. 1. Сөйлеу тілінің ерекшеліктерін сақтай отырып, «Рухани жаң-
ғыруды өзіңнен баста» тақырыбында сұхбат жазыңдар. Сөз са-
ны - 100-120. .
2. Шетелдіктерді еліміздегі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме-
сіне шақырып, жарнама жасаңдар. Сөз саны - 100-120. .

12oskar12oskar 12oskar12oskar    1   19.09.2021 02:14    3

Ответы
прот5 прот5  27.11.2021 08:11

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Рухани жаңғырудың негізі - халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы - ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.

Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:

1. Ұлттық бірегейілікті сақтау.

Ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай "жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу." Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.

2. Бәсекелік қабілет

Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.

3. Прагматизм

Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.

4. Білімнің салтанат құруы

Біздің қанымызда бар қасиет - білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы - білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт БИІК ТАБЫСТАРҒА ЖЕТЕДІ.

Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті. Рухани жаңғыру - а ң ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі өзгерісті қабылдай білуі. Тарлан тарихтың, жасампаз бүгіні мен жарқын болашағын үйлесімді үйлестіретін ұлт жадының тұғырнамасы. Осы тұғырнамадан ауытқымай, елбасымыз ұрпаққа мензеген дара жолымен биік-биік шыңдарды бағындыратынымызға сенімдімін!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi