7 «Б» сынып оқушысы «Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1- Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтағы климат

Қазақстанда ауаның температурасы 1936 жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғарлаған. Ауа температурасы 10 жыл сайын 0,31с градусқа жылынған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауындағы мұздықтар 41 пайызға азайған. Ғалымдар күн осылай жылына берсе , ХХІ ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа көтерілуі мүмкін» деп жорамалдайды. Бұл жорамал шындыққа айналса , Қазақстан үшін үлкен апат болады. Бүгінде еліміздің 75% экологиялық өзгеріске ұшыраған. Мұздықтардың азаюы таулы өзендердің ағысына әсер етіп, су қорының тартылуына әкеліп отыр. Соның салдарынан еліміз Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайға су мәселесі бойынша тәуелді болып отыр.

Ғаламдық жылыну жаңбырдың мөлшеріне, ауыл шаруашылығына кері әсер етуде .

Қазақстан жерінің үштен екі бөлігі шөлейттенген. Полюстердегі , экватордағы температураның әртүрлі болуына байланысты әлемде ауа алмасуы жүреді. Полюстердің жылынуы зат алмасуын төмендетеді. Сондықтан кей жерде қатты ыстық болса, кей жерлерде тропикалық жауын жауады.

Қазақстанның климаты мен табиғаты алуан түрлі. Еліміздің ауыл шаруашылығы , энергетика , су ресурстары метрологиялық болжамдарға байланысты. Ауа райын бақылайтын құралдар табиғат құбылыстарын болжауға мүмкіндік береді. Уақытында айтылған болжам арқылы апаттардың алдын алуға болады.

Мәтіннен сөздердің синонимін табыңыз.

Жаһандық -

Көлемі -

болжам -

тапшылығы - [2]

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. [1]



3 Ғалымдардың пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз. [1]



4.Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз. [1]

Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?

2- Жазылым [10]

«Уақыт – керемет сый» тақырыбына эссе жаз. (90-100 сөз)

Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолдан.

Бағалау критерийі № тап Дескриптор

Білім алушы

Мәтін мазмұны бойынша берілген сөздердің синонимдердін табады.

Мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді 1 Мәтіннен 4 синоним табады.

1- сұрақ

2- сұрақ

3-сұрақ 2

1

1

1

«Уақыт – керемет сый» тақырыбына эссе жазады. 2 Эссе құрылымын сақтайды. 3

Орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтай отырып жазады.

2

көркемдегіш құралдарды пайдаланады (теңеу, метафора, эпитет)

Шырай түрлерін қолданады(ең, өте,)

Ақынның өлеңінен мысалдар келтіреді.

2

2

1

Барлығы 15

kekkekkeksos kekkekkeksos    2   30.10.2020 11:44    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi