6-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша шағын диалог құрып жаз. Кейіпкерлерді өзің анықта. Танымал жазушы Балғабек Қыдырбекұлы қоғамдағы келеңсіз мәселелерді сь. нап, әртүрлі тақырыптарда сықақ, фельетондар жазды. Алғашқы фельетондар жина ғы «Ешкімге айтпа» деген атпен 1962 жылы жарық көрген. Кейінгі жылдарда да осы жанрда өнімді туындылар жазды. Соның нәтижесінде «Шайтанның шатағы» (1966) . «Қара сандық» (1969), «Маздаған шырақ» (1971), «Ұрының еншісі» (1972), «Ақпа құлақ» (1978), «Алатау» (1, 2-кітап, 1986, 1991), «Ақымақтың миы» (1993) секілді шы: ғармалар жинағы жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, сөз өнерін зерттеді. Сонымен қатар ұлт тарихындағы ірі тұлғалардың бейнесін де шебер сомдаған. Осы тақырыпта қаламынан «Түгел сөздің түбі бір» (1993), «Қым-қиғаш жылдар» (1993), «Қайран Ораз» (1999) және т.б. еңбектер туды. Б. Қыдырбекұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деп аталатын Қазыбек бек Тауасар- ұлының қолжазбасын тауып, кітап етіп шығарды. Балғабек Кыдырбекұлы әңгіме жанрында көптеген шығармалар жазды. Оның «Темір- жолшы», «Жалғыз жолбарыс өлімі» және т.б. әңгімелерінде қазақ даласындағы сан түрлі оқиғалар шеберлікпен суреттелді. Балғабек Кыдырбекұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің екі мәрте (1983, 1990) депутаты болып сайланды. Оған қазақ журналистикасы мен сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар берілді.Жазушы әрі журналист Б. Қыдырбекұлы <<Еңбек Қызыл ту>>, <<Халықтар достығы>> орденімен марапатталған

stasison stasison    1   17.09.2021 07:33    42

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi