6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден көнерген сөздерді тауып жаз. Олар- дың тарихи сөз немесе архаизм екенін анықта, Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Әр елшіні екі қарынан екі сарай төрешісі қолтықтап ханға қарай алып жүрді. Елшілер он шақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Қапталда отырған уәзір- лер орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп, тағзым етті. Елшілер уәзірлер отырған сәкіге қарама-қарсы қойылған биік сәкiге барып жайғасты. (Ә. Кекілбаев)