6-тапсырма. Сан есімдерді мағынасына қарай топтаңдар. Сан есімдердің жазылуын ереже бойынша түсіндіріңдер.
1. Түркістандағы 1396-1399 жылдары салынған Қожа Ахмет Ясауи
кесенесі – саяхатшылардың көп баратын жері.
2. Кесененің ұзындығы – 65 метр, ал ені - 46,5 метр.
3. Кесене жобасының ерекшелігі
Орта Азия мен Қазақстан сәулет
өнерінде бірінші рет шатыр жабу тәсілінің қолданылуында.
4. XVI ғасырдан бастап кесенеде және оның төңірегінде қазақ
халқының атақты адамдары: Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай
хан, Қазыбек би, Жәнібек батыр жерлене бастады.