6-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі және қосымш
тарды анықта.
Қазақта «аспанмен еркін тілдесіп», сол арқылы адамны
өмірін болжайтын, табиғат күйінің құбылысын алдын ала тани
тын адамды «жұлдызшы» деп атаған. Біздің қазақ халқы табива
тылсымына терең үңілді. Кез келген құбылысты назардан тыс
қалдырған жоқ. Тіпті құстардың төмен-жоғары ұшқанына
қарап-ақ, күні ертең қандай ауа райы болатынын болжап білді.
Түнде жолға шыққан адам Темірқазықты бетке алып жүретін,
Сол арқылы баратын жеріне адаспай жетті. Оған Жетіқарақшы.
Шолпан жұлдыздарының қозғалысы да күнделікті тіршілікті
өз пайдасына қарай ыңғайлауға жарайтын. Қысқасы, қазақтың
аспан әлемін зерттеуінің өзінде көптеген құпия бар.
Жүлдызшылық тек қазаққа ғана емес, жалпы адамзат ба-
ласына бұрыннан-ақ таныс болған. Олар ежелгі дәуір мен V-X
ғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол жайында
өз тұжырымын жасаған.