6-тапсырма. Мәтінді оқы. Қажымұқан Мұңайтпасов Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген сөз кең та- рап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола об- лысы Қараөткел ауылында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауыл- дастарын таңғалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс балуаны и. Злобинмен белдеседі. И. Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп, Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс балуаны Генрих Веберді жеңеді, Рига қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальді, Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін Алтын медальді жеңіп алады көмектесіндерші өтініш беремін