6-тапсырма, 120-бет. Талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықтарды
қатыстырып сөйлемдер құрастыңыз. Сөйлем соңында қойылатын тыныс
белгілерін дұрыс қолданыңыз. (жазбаша/письменно)

1-тапсырма, 119-бет. Мәтінді түсініп оқыңыз. Тақыры мен негізгі ойды
анықтаңыз. (ауызша/устно)
Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша, Олимпиаданың эмблемасы бір-
бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгілдір, қара, қызыл (жоғарғы
қатары), сары және жасыл (төменгі қатары) түстен құралады. Бұл бес құрлық
спортшыларының «Олимпиадалық қозғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып күш жұмсайық!» деген ниетін аңғартады. Мұнда сонымен бірге
«Читиус», «Альтиус», «Фортиус» (жылдамырақ, биігірек, күштірек) ұраны да бар.
Сондай-ақ мүнда 5 сақинамен бірге, олимпиаданың өткен жылы және оны
ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады. Бірінші олимпиада
жалауы 1914 жылы Парижде көтерілді. Олимпиада алауы ертедегі олимпиадалық
ойындар өткен Грекиядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін
факелді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Олимпиадалық ойындар
басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от түта- тылады. Осы от
ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мүндай дәстүр 1936 жылдан бері жалғасып
келеді.

aidarisiev80 aidarisiev80    2   05.04.2021 19:40    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi