6 сынып 114 бет 1.тапсырма
Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтаңдар.
Қазақ халқының өмірінде жауын-шашынның алатын ор-
ны ерекше. Сол себепті болар, халық «Батыр туса – ел ырысы,
жаңбыр жауса – жер ырысы» деп, елдің ырыс-құты ретінде
батыр мен жаңбырды қатар атаған. «Сәуірдегі жауын - сауып
тұрған сауын» деп, тіршілік көзі - малымен байланыстырған.
Жауынның дер кезінде түспеуі немесе мүлде жаумауы елдегі
қуаңшылыққа, малдың жұтауына алып келеді. Сондай жағ-
дайда жауын-шашынды шақыру үшін тасаттық беру салты
қалыптасқан. Судың адам өміріндегі пайдасы қандай болса,
жауын-шашынның табиғаттағы рөлі де сондай десе болады.