6. Мәтінді оқып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдерді тап. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық
өмірдің барлық саласына дендей енді де, адамдарға үздіксіз
ықпал етудің көзіне айналды. Сондықтан бұқаралық
ақпарат құралдары «төртінші билік» деген атауға ие бол-
ды. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты
қоғамда, әлемде болып жатқан түрлі жаңалықтарды үздіксіз
жүйелі түрде таратып отыру, ел ішінде, елден тыс жерлерде
болып жатқан әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, саяси
мәселелер туралы қоғамдық пікір туғызу және т.б. БАҚ-тың
басты міндетіне нақты бір ақпараттарды беріп, өткір, өзекті
мәселелерді қозғай отырып, оған жұртшылықтың назарын
аудару, көзқарастарын қалыптастыру, құндылықтар жөнін-
де мәліметтер беру жатады. Кейбір басылымдар қоғамдық
сананы өзгерту үшін әртүрлі айла-тәсілдерге де барады.
Оларды «сары пресса» деп атайды. Ал кейбір басылымдар
өткір мәселелерді қозғағанмен, биліктің ықпалынан шыға
алмай жатады. Халық пен билік деп аталатын екі жақтың
мүддесін тең ұстайтын басылымдардың беделі көтеріліп,
биік нәтижелерге қол жеткізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі бағытта ақпарат
таратса да, олардың арасында қандай мәселеге басымдық
берілуіне қарай басылымның тұрақты жанры қалыптасады.
Мысалы, «Ана тілі» газетінің бетінде тілдің әлеуметтік жайы-
на қатысты мәселелер, осы салада еңбек етіп жатқан зерттеу,
білім беру мекемелерінің мәселелері көбірек талданады.
Ал «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп аталатын республикалық
журналда көбінесе тіл мен әдебиеттің теориясы және оны
әдістемесіне қатысты
әдістемелік мақалалар, мұғалімдер мен оқытушылардың
ғылыми-әдістемелік,
білім саласына байланысты ой-пікірлері жарияланады.
оқыту
оқу-​

irynks468dig irynks468dig    3   03.03.2021 16:31    24

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi