6 класс .
3-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын анықта. Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Жетісу Ала- тауы, Тянь-Шань таулары бар. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орна- ласқан. Сарыарқада ұсақ шоқылы аласа таулар бар. Орташа биік- Tiri 500-600 м. Сарыарқаның ең биік нүктесі – Ақсораң. Ақсоранның биіктігі – 1565 м. Мұғалжар аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүк- тесі - Боқтыбай тауы. Биіктігі — 657 м. Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс, шығыс жоталары, Ақтау- дың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі — Қаратау-Бесшоқы. Оның биіктігі – 556 м. Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді. Алтай таулары Зайсан көлі мен Байкал көлінің аралығында жатыр. Алтайдың ең биік ШЫҢЫ Мұзтау. Оның биіктігі - 4506 м. Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан. Орталық, Батыс, Солтүстік Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында орналасқан. 6995 м. Қазақстандағы ең биік нүктесі — Хантәңірі. Оның биіктігі Жетісу Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шегарасында орналасқан. Жетісу Алатауы Тянь-Шань тауларына жата- ды. Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында. Орташа биіктігі – 3580 м.
ответьте
(Мәтіннен сан есімдерді тауып, дәптерге жаз. Жасалу жолдарына мән бер. Тауларды сипаттаған жерлерді тауып, оқы.)