6. Есімдіктерді қатыстырып, олендi оз создоріңмен 5-6 сойлем етіп жазыңдар. «Ілиястың дауысы» деп кімді айтып тұрғанын анык тандар. Ақсу Ақсу мынау арынды Агып сатқан арқырат. жаңғыртып сол сарынды, кайталайды ор қырат. Қозғаған ел қиялын Жеті өзеннің біреуі. Балқаш барып құярын Ақсу жақсы біледі. Жағадағы жарды орап, Арындайды ағысы. Естілгендей жаңғыртып Ілиястың дауысы. (Қастек Баянбаев) 6

borik7777 borik7777    1   24.01.2022 08:36    3

Ответы
Vinner0508 Vinner0508  24.01.2022 08:40

Ілиястың дауысы деп Ілияс Жансүгіровті айтады. Өйткені бұл қасиетті тұлға осы Ақсу жерінде дүниеге келген. Сонымен қатар Ілияс Жансүгіровтің "Ағынды менің Ақсуым" деген өлеңі бар. Бұл өлеңде туған жерін, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген отаншыл ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нәр алып, ғажап суреттер сомдайды. 1921 жылы жазған бұл өлеңінде ағынды Ақсудың өз келбеті ғана емес, оның суына шомылған сұрша тал, тайпақ ай, шарбы бұлт, мөлдіреген итмұрын суреттері көркем көріністі көз алдыңнан өткізеді. Бауырлаған ағынның, сумаңдаған суының сылдыры, құрақтың суда судыраған саусағы, суға төнген шыбықтың дірілі мен оған қоса шымшықтың шиқ-шиқ ете шырылдауы – бәрі де жанды сурет. Ілияс Жансүгіров Абай негізін салған жыл мезгілдері туралы жаңа өлеңдер жазып, ізін жалғастырушылардың бірі болды. Бұл өлеңінде Жетісу табиғатын, Ақсу өзенін жан-жақты суреттеп, құт мекенін мадақтайды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi