6. Бағалау Топтарға бөлініп, «Ақылдың алты қалпағы» тәсілімен баға беріңдер. «Ақ қалпақ» шығармада көтерілген мәселеге қатысты талассыз деректерді келтіреді; «Сары қалпақ» — кейіпкерлер өмірінің сәтті кезеңдерін айтады; «Қарақалпақ» - кейіпкерлер өмірінің сәтсіз тұстарына тоқталады; «Көк қалпақ» — талдау жасайды, топтар «Не үшін? Неге? Неге байланысты?» деген сұрақтарға жауап іздейді; «Жасыл қалпақ» - кейіпкерлер өмі- ріне қатысты тың идеялар мен болжамдар ұсынады; «Қызыл қалпақ» – оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды.