53. Жеке кітапхана 1. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Негізгі ақпаратты анықтауға бағыт-
талған сұрақтар құрастырыңдар.
Академик Мекемтас Мырзахметовпен сұхбат
Мекемтас аға, алғаш оқыған кітабыңыз есіңізде ме?
Авторын ұмытыппын, латын әрпімен жазылған «Сырлы
арал» деген кітап екені есімде. Батыстан тәржімаланған көр-
кем шығарма болатын. Ең қызығы, әлгі кітапты күндіз оқып
аяқтай алмай, түнде айдың жарығымен қарағанмын.
Сіздің кітапханаңыз бар ма?
Жалпы, үш жерде кітапханам бар. Алғашқы кітапха-
Түркістан қаласында. Онда 6 мыңға жуық кітап бар.