50 еліктеуіш сөздерді пайдаланып, ішекті және соқпалы аспаптар туралы диолог құрыңдар

анна2246 анна2246    2   14.09.2019 20:40    7

Ответы
SOSplizz SOSplizz  07.10.2020 15:11

Еліктеуіш сөздерді пайдаланып, ішекті және соқпақты музыкалық аспаптар туралы диалог:

– Сәлем,Айша!

– Сәлем,Бекет!Қалың қалай?

– Жақсы,өзіңнің ше?

– Менде де.Сен ішекті музыкалық аспаптар туралы мәліметтер біліп келдің бе?

– Ия,ал сен соқпалы аспаптар жайлы ма?

– Ия.Ал ендеше білгенімізді ортаға салып,талқылайық.

– Жарайды. Ішекті музыкалық аспаптар – ішектері арқылы үн шығаратын музыка аспаптары.Ішекті музыкалық аспаптартардың дені ағаштан әзірленеді де дека деп аталатын негізгі үнді тербеліске түсіріп шығаратын бөлігі шырша я болмаса самырсын ағашынан жасалады.

– Соқпалы музыкалық аспаптар – дыбыстар соққы арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар тобы.Барлық музыкалық аспаптардың ішіндегі ең көп санды музыкалық аспаптар.Бекет,ал ішекті музыкалық аспаптар қандай дыбыстар шығарады?

– Сыңқ-сыңқ,таңқ,тыңқ,қаңғыр-күңгір секілді дыбыстар.Ал соқпалы аспаптар ше?

– Олар гүрс,дүрс,тарс,тырс,ырс деген дыбыстар шығарады.

– Ішекті музыкалық аспаптар дыбыс-үн шығаруына қарай ысқылы, шертпелі, соқпалы,соқпалы-тілді және шертпелі-тілді болып жіктеледі. 

– Ал соқпалы аспаптар шайқалу арқылы (балғашықтар, тоқпақтар, таяқшалар) және дыбыстық дене арқылы (мембрана, металл, ағаш) дыбыс шығаратындар деп бөлінеді.

– Осылайша біз бұл екі түрлі аспаптар тобы арқылы көп нәрсені үйрендік қой,қалай ойлайсың?

– Дұрыс айтасың!Музыка сабағынан бүгін бестік баға алатын болдық.

– Ия.Олай болса мектепке тез жетіп алайық.

– Кеттік!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi