5.Үйсіндер мен қанлылардын қолданбалы өнеріне мысал келтірініздер(әр біреуіне бір мысал керек) 1.Зергерлік өнер
2.Металл өндірісі
3.Қыш ыдыстар жасау
4.Тоқыма, сүйек өңдеу
5.Тері өңдеу
6.Жазу
7.Би, күй өнері​

MrThomasFeed MrThomasFeed    3   17.03.2021 16:59    0

Ответы
TeReNoRi TeReNoRi  16.04.2021 17:09

Үйсіндердің үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өpic алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан — тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар — тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді.

Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды. Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2: 1; түбі дөңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі — мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңқы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Козелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi