5-тапсырма Жас алаштын қосымшалары мен жариялананатын тақырыптарын кластерге түсір, сделать надо по вот этому тексту в районе ста «Жас алаш» - жастарға арналған ең байырғы әрі беделді республикалық
басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық
көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы - Ғ. Мұратбаев, жауапты
хатшысы І. Жансүгіров болды. Газеттің шығуына қазақтың қайраткерлері -
А. Байтұрсынұлы, С. Сәдуақасов, Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Ай-
мауытовтар атсалысқан. Газет 1927 жылдан бастап «Лениншіл жас» деген ат-
пен шықты. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының қалыптасуына үлкен
еңбек сіңірді.
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке «Жас
алаш» атауы қайтарылды. 2000 жылы «Жас алаш» «Жылдың ең үздік газеті»
атанып, «Алтын жұлдыз» номинациясын жеңіп алды. Газеттің бас редакторы
Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі
үшін жылдың таңдаулы «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды. Негізінен
жастарға арналған газетті барлық жастағы адам оқиды. Ол - жалпыұлттық
қазақ басылымы.
«Жас алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар саясат пен экономи-
ка, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс пен заң, қаржы мен
басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер және т.б. тақырыптарда мақалалар жарияланады. Сонымен қатар сыни
бағыттағы, әзіл әңгімелер де жарияланып тұрады. Газеттің «Студент», «Ырғақ»,
«Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. «Жас алаштың» өзіне тән
сипаты - өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. «Жас
алаш» - ақпаратты объективті беретін, проблемаға жаңаша көзқараспен
қарайтын беделді газет. Газет өз бағытын үгіттеу мақсатында пайдаланбай-
ды, көтерілген проблеманы адамгершілік қағидаларына сүйеніп шешеді.
«Әлеуметтік технология орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің
нәтижесі бойынша, «Жас алаш» - жасөспірімдерден бастап, егде тартқан
жастағы азаматтардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Ба-
Сылымның негізгі оқырмандары Жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу
орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының
басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл
тұрғындары.
«Жас алаш»​


5-тапсырма Жас алаштын қосымшалары мен жариялананатын тақырыптарын кластерге түсір, сделать надо по

murka280705 murka280705    2   29.12.2020 13:42    2

Ответы
Kerizok Kerizok  28.01.2021 13:53

Жарияланатын такырыптар:

"Жас алашта" күнделікті жаңалықтармен қатар саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс пен заң, қаржы мен басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер және т.б. Сонымен қатар сыни бағыттағы, әзіл әңгімелер де жарияланып тұрады.

Қосымшылар:

Газеттің "Студент", "Ырғақ", "Мыңнан бір мезет", "Отбасы" атты қосымшалар бар.

Объяснение:

Надеюсь все понял

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi