5-тапсырма. Төменде Шәкәрімнің өлеңдерінен үзінділер берілген. Бұйрық райлы етістіктерді қалау райға, ал шартты райлы етістіктерді ашық райға
айналдырыңдар.
1. Енді есіңді жисаңшы,
Манар тауға сыйсаңшы.
Аласұрып аптықпай,
Бұл жалғанды қисаңшы.
2. Бұл насихат тыймаса,
Ойыңа сөзім сыймаса,
Дағдыны көңілің қимаса,
Жалмауыз бол да жардан без!
3. Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.
4. Ақылдан адас қалмайын,
Дәлелсіз сөзді алмайын,
Бос жетекке бармайын.