5 тапсырма Сөздікті пайдаланып, мəтіндегі қарамен жазылған сөздерің аудармасын тап, мағынасын анықта. Тоқта, ботам! Атаң келеді артында!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға,
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Айырбастап ала алмай жүр алтынға,
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата қыран ұялы.
Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда.
Дария-шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
(М. Мақатаев