5-тапсырма. Мәтінді оқы. «Оңай және қиын сұрақтар кестесі» бойынша мәтіннің мазмұнын талда.
«Алаш» деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыды-
рағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының
басын біріктіретін ұран болған сияқты. Ал енді қазақтың «Алаш» ұраны «алаш
алаш болғанда, Алаша хан болғанда бұл қалмаққа не қылмадың?» деген
сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деуге болады.
Бұл орайда Саққұлақ бидің шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің,
Ш. Уәлихановтың, А. Янушкевичтің, Ш. Құдайбердіұлының, М. Тынышбаевтың ел ара-
Сынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларын
атаған жөн. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғанын, қара халықты соңынан
ертіп, айбары асқанын дәріптейді.
Ескі шежіре деректерінде «алаш» атауы «қазақ халқы» тіркесінің синонимі
ретінде қолданылады. Мысалы, Қадырғали Жалайыри өз еңбегінде қазақтың
орнына «алаш» атауын қолданады. Шежірелердің бірінде алашқа өзбек,
түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жы-
рында, Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында, Махамбеттің өлеңдерінде
«алаш» сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген.
«Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік
жолындағы күресінде ежелгі «алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен
бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде «Алаш қозғалысы», «Алашор-
да», «Алаш» деген ұғымдарды атауға болады. «Алаш азаматы» деу «өз халқын
сүйетін, соған өмірін арнаған адам» дегенді білдіреді.
ХХ ғасырдың басында құрылып, осындай аса маңызды ат алған «Алаш»
партиясының құрамына ұлттық сана-сезімі өте жоғары, ілім-білімді терең
меңгерген тұлғалар жиналды. Өздерін «алашордалықтар» деп атаған бұл зия-
лы қауым қазақ үшін, елінің болашағы үшін құрбан болудан қорықпады. Ұлы
ШЫН МӘНІНде нағыз ұлтжанды
мұрат жолында өмірлерін қиды. Өйткені олар
азаматтар еді.​

valera212105 valera212105    1   01.03.2021 09:09    142

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi