5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша сұрақтар дайында. Молекулалардың ыдырауы туралы теория заманауи ғылымда еркін қолданылады.
Жаһандық денсаулық жүйесіндегі озық үлгілер күрделі ауруларды емдеуге мүмкіндік
берді. Қазіргі заманауи озық медицина онкологиялық ауруларды емдей бастады. Бұл
әдістеме молекулярлы және ядролық медицинаның жетістіктерін пайдаланады. Ядролық
медицина молекуланы «көре» алады, оның қайда тұрғанын дәрігерлерге хабарлап қана
қоймай, құрамы, шығу тегі туралы мәліметтерді де бере алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2024 жылға қарай жыл
сайын қатерлі ісікке 24 миллионға жуық адам шалдығатын көрінеді. Бұған бірнеше фактор
әсер етеді. Біріншіден, қоршаған ортаның ластануы. Екіншіден, химиялық қоспалардың
тұрмыста көп қолданылуы. Үшіншіден, радиация деңгейінің жоғары болуы. Өйткені жер
бетінде мүмкін болған сынақ пен жарылыстардың барлығы жүргізілуде.
Ядролық медицинада науқасты қарау барысында көп көлемде диагностикалық мар-
керлер қолданылады. Бұл оқшауланған ісікті, қатер деңгейін көрсетеді. Мамандар ісіктің
көзге көрінбес жасушадан пайда болып, тез бөлінетінін айтады. Жасушалар қантты көп
жинақтағаннан зат алмасу мен өсудің көзі ретінде қызмет етеді. Сондықтан глюкоза
ерітіндісін F18 радиоактивті заттармен белгілеп, қатерлі ісік жасушаларын табу үшін адам
ағзасына енгізеді.
Бүгінде қатерлі ісік жасушаларымен арадағы байланысты бөліп, адам ағзасының
ісік жасушаларымен күресуі үшін қажет иммундық жүйе қалыптастыратын емдеу жолы
табылды. Яғни келешекте диагностикалау да, емдеу де молекулярлы медицинаның мін-
детіне айналуы әбден мүмкін. Қазіргі денсаулық сақтау ісі біртіндеп болса да, молекуляр-
лы медицина дәуіріне аяқ басты.
«Егемен Қазақстан» газетінен
Ребята

adilyaarslanov adilyaarslanov    2   05.10.2021 05:35    58

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi