5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған қағидаларды орындай- сыңдар ма? Мәтін мазмұны бойынша жұптарыңмен диалог құрыңдар. Кез келген ортаның өз заңы не мәдениеті болады. Театр - нағыз өнердің ордасы, Ал мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сақ- тамау - ұят. Театрда сақталуы тиіс қағидалар: • қойылымға уақытынан бұрын не кешікпей кел; үстіңе сол ортаға сай киіміңді ки; қойылым басталар алдында ұялы телефоныңды дыбыссыз ре- жімге қой не сөндіріп таста. Сырттан келген қоңырау сені ғана емес, қасыңда отырған көрермендерді де мазалайды; • қойылым басталысымен-ақ басқа шаруаның бәрін қойып, бар көңіліңді сахнаға бұр; • қойылым біткен соң көрермендермен бірге тұрып, қошемет көрсет умоляю!!