5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған қағидаларды орындай сыңдар ма? Мәтін мазмұны бойынша жұптарыңмен диалог құрыңдар
Кез келген ортаның өз заңы не мәдениеті болады. Театр - нағыз
өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сак
тамау – ұят. Театрда сақталуы тиіс қағидалар:
• қойылымға уақытынан бұрын не кешікпей кел;
үстіңе сол ортаға сай киіміңді ки;
• қойылым басталар алдында ұялы телефоныңды дыбыссыз ре-
жімге қой не сөндіріп таста. Сырттан келген қоңырау сені ғана
емес, қасында отырған көрермендерді де мазалайды;
• қойылым басталысымен-ақ басқа шаруаның бәрін қойып, бар
көңіліңді сахнаға бұр;
• қойылым біткен соң көрермендермен бірге тұрып, қошемет
көрсет.