5-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені
анықтаңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз (80-100
сөз).жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр
нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген
жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай, қысқасы,
әлгі Әбдібекке:
– Бауырым, сен бал ашшы, совет жеңе ме екен,
неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты
шашып кеп жіберіп:
- Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің
жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған
оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны
сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің
жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда
жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал
тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді
білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін
түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз
рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады.
Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін
жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің
арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып,
Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды.
Бақытымызға орай, бізді әскерге жіберді.
Жасыратыны жоқ, майданға жеткенше көзге
түрткі болып, қатаң бақылауға алындық.
Артынан естуімізше, Әбдібек байғұсты әскери
трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол
қайтпады.

zai4onok1988 zai4onok1988    1   29.04.2021 15:53    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi