5-тапсырма. Екі топқа бөлініп, жұмбақтарды шешіңіз. Сан есімдер, есімдіктер болса, астын сызыңыз. І топ ІІ топ Бір ағаштың он екі бұтағы бар Әр бұтагында отыз жапырағы бар Жапырақтың бір жағы ак, бір жағы қара. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, Сөйлейді шежіредей адам соқса, Екі достың бірі ыңгайлы, біреуінің ебі жоқ. Екеуінде бірдей көрем, маған артық, кемі жоқ. Он жағымда бес сарбаз, Сол жагымда бес сарбаз. Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. Отыз екі мықты Қаз-қатар боп шықты. Он алтысы асты, Он алтысы үсті.