5-тапсырма Бауыржан Момышұлының ар туралы пікірін оқып, кластер жасау арқылы өз ойыңды білдір. Бауыржан Момышұлы Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен

әділдік жөніндегі ұғым-түсінігіне байланысты реттейтін парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл күйдің жайбарақаттығын білдіретін сезім. Қысқасын айтқанда ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

6-тапсырма

Ар-ұжданға сай келетін істерді атап айтыңдар. Ар-ұждан – ең қасиетті ұғым. Ол әділдіктің, адалдықтың, шынайылықтың бірден-бір өлшемі. Ар – адамның өзіндік әділеті. Ар-ұждан адамға риясыз жақсылық жасауға және басқаларға жәрдем беруге көмектеседі. Ар-ұждан дауысын есту арқылы адам өзінің ойын, сөзін, іс-әрекетін ізгілікке толтырады. Адамның ар-ұжданы биік болған сайын, оның басқаларға деген жауапкершілігі, мейірімділігі, қамқорлығы арта түседі.​

Finik2100 Finik2100    1   15.02.2021 13:30    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi