5-тапсыма Өлеңді оқып, жаттап алыңда. Есімдіктерді қатыстырып, өлеңде айтылған ой туралы пікір жазыңдар. Теңізге мынау қарашы,
Жетпейді көздің шарасы.
Кеткендей боп тұр астасып,
Аспан мен жердің арасы.
Мұнда жоқ кінә-кек деген,
Мұнда жоқ шет пен шек деген.
Сан бақыт мұнда бүршіктеп,
Сан мұрат мұнда көктеген.
Оған жат қайғы-қасірет,
Айтары-ерлік, қасиет.
Теңіздің теңіз екенін,
Тану да үлкен қасиет.