5-СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІ 2-тапсырма
Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтін мазмұнын «511» әдісіне негіздей ықшамдап жазыңыз. Қадамдар:
1. Маңызды деген 5 сөйлем
2. Осы сөйлемдерді іріктеп, ең маңызды 1 сөйлем
3. Осы аталған сөйлем ішінен 1 кілтті сөз
Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі -қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электрондық есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. ( https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/32352сайтынан, 124 сөз)
Маңызды деген 5 сөйлем 12345
Ең маңызды 1 сөйлем 1
1 кілтті сөз
БЖБ