5. Мәтінді оқып, аннотация жаз.

Көшпелі тұрмыспен күнелткен қазақтың тайпа-рулары

байлыққа бас ұрмай, құқықтық жүйені мойындады. Оны

танып-білуде, қабылдауларында өз ерекшеліктері болды. Кең

дала, еркін өмір, қоршаған табиғат – бейбіт өмір сүрудің басты

тұтқасы тәртіптілікті сақтау, құқықтық тәлім-тәрбиені үздіксіз

жүргізу деп ұққан олар мұны отбасынан, жеке адамнан бастап,

бүкіл қоғам болып қолдап, қуаттады. Адам және қоғам, әлем,

олардың арақатынасын ақылмен түсіне алды, адам өмірі мен

мәні тек бейбіт өмір сүруде, сіз-біздікте жатқанын ұқты.

Қазақ құқығы оның басты саласы адам құқығы мен

бостандығы аясында, өзіндік теңдік, өзін-өзі басқару

негізінен (азаматтық қоғам) бастау алып дамыды. Оны ел

ішінен шыққан дуалы ауыз би-шешендер жүргізіп отырды.

Қазақтың тұңғыш зерттеушісі Ш. Уәлиханов: «Би атағын

беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе

халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы

болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар

тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие

болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген

қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті

бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған.

Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып,

олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен,

бұл би деген атақ билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге

патент сияқты нәрсеге айналған». Ғалымның бұл ойлары

қазіргі таңда да өзіндік мәнін жоғалтқан жоқ.

Белгілі ғалым, академик Салық Зиманов: «Бір кездегі

ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын

заңдылық пен әділ соттың «алтын ғасыры» қайтадан біздің

тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы

өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар», – дейді.

olenkakireeva1 olenkakireeva1    1   31.12.2021 13:53    53

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi