5. Мәтін мазмұнымен танысып, «Ә.Қастеев Қазақстан бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылыс» тақырыбында аргумента- тивті эссе жазыңдар. Әбілхан Қастеев еңбек жолын Түрксіб теміржол құры- лысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студиясында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды. Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мын- нан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайы- нан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жас