5. « «INSERT» оқыту стратегиясы бойынша мәтіндегі ақпаратты қоры-
тутындылап жазыңдар.
V (бұрыннан
+ (жаңа
(менің ойлаға ? (білгім
білемін)
ақпарат) ныма қайшы) келеді)
1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңіріндегі Қарасу
ауылы маңынан көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып
жазылған бірнеше құпия жазулар табылған. Тас бетіндегі
құпия жазу түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге
дейін жүйелі түрде оқылған емес. Енді осы таңбалар жүйесіне
көз тігіңіз.
Біздің ойымызша, бұл жазуды V-VI ғасырларға жатқы-
зуға болады, себебі мұнда ертедегі Талас жазба ескерткіш-
теріне тән таңбалар бар. Тастағы 13 руникалық таңба оңнан
солға қарай оқылады. Құпия таңбалардың жеке-жеке мән-ма-
ғынасын талдай келе мынадай болжамға тоқталдық: er atym
sagunda ayrsym «Ер атым Сағуннан айырылдым» немесе
«Ер атам Сағыннан айырылдым».