5. «Қазақ тілі – ана тілім» тақырыбында эссе

про783 про783    3   04.09.2021 19:13    1

Ответы
вано139 вано139  04.11.2021 15:49

Мен өз қазақ тілімді жақсы көремін. Ол әлемдегі ең бай тілдердің қатарына кіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен байланысады, ақпарат таратады, жаңа нәрселер үйренеді және ғылымды дамыта алады. Адамзат қол жеткізген жетістіктер, олсыз жүзеге а еді. Егер біз сөйлеу қабілетіне ие болмаған жағдайда, өміріміз қандай болатындығын елестетіп көріңіз. Көп адам, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болуына қарсы, бірақ мен мұны қолдаймын. Өйткені, әрбір ақылды адам, ана тілін дамытуға тырысу керек. Ана тілі – біздің мәдениетіміздің өте маңызды бөлігі. Кейбір адамдар қазақ тілін бұрмалау және сөздерін өзгерту арқылы тілімізге зиян келтіреді. Әсіресе, бұл әрекетке жасөспірімдер барады. Осылайша, ата-ана мен баланың арасындағы қашықтық ұзарады, өйткені, бірін-бірі түсіну қиындайды. Бірақ, бұл қазақ тілінің өркендеуіне кедергі келтірмейді деп сенемін. Менің пікірімше, өз ана тілін сақтау және дамыту – әр азаматтың міндеті мен борышы.

Толығырақ: https://faktiler.kz/ana-tili-turaly-shygarma/

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi