4түліктің жасына байланысты атаулары

Памагити1111111 Памагити1111111    2   24.08.2019 10:10    2

Ответы
даниил1агапов даниил1агапов  26.08.2020 09:21

Төрт түліктің жасына қарай атаулары.

ЖЫЛҚЫ – МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ

▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.

▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл.

▪ Тай – екі жастағы жылқы.

▪ Құнан – үш жастағы жылқы.

▪ Құнажын – үш жастағы ұрғашысы.

▪ Байтал – төрт жастағы ұрғашысы.

▪ Сойтал – төрттен асқан ұрғашысы.

▪ Дөнен – төрт жастағы еркегі.

▪ Бесті – бес жасар еркек жылқы.

▪ Айғыр – аталық жылқы.

▪ Сәурік – жас айғыр.

▪ Бие – аналық жылқы.

▪ Құлық – алғаш құлындаған бие.

▪ Қысырақ – үйірге алғаш қосылған жас мал.

▪ Мама бие – көп құлындаған жуас бие.

▪ Бедеу – құлындамайтын жылқы.

▪ Ат – ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат. Мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы, қасиетіне қарай аяңшыл, жорға, жүйрік т. б. деп аталады.

ТҮЙЕ – ТҮЛІК ТӨРЕСІ

▪ Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.

▪ Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.

▪ Тайлақ – екі - үш жасар еркегі.

▪ Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.

▪ Буырлыш – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Буыршын – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Бура – аталық түйе.

▪ Інген – аналық түйе.

▪ Атан – ақталған (кестірілген) түйе.

СИЫР АТАУЛАРЫ

▪ Бұзау – сиыр төлі.

▪ Баспақ – алты айға дейінгі төл.

▪ Арда, торпақ – бір жылдық төл.

▪ Тайынша – жастан асқан еркегі.

▪ Тана – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Қашар – екі жасар ұрғашысы.

▪ Құнажын – үш жасар ұрғашысы.

▪ Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.

▪ Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құнан өгіз, атан өгіз т. б. болып аталады.

▪ Бұқа – аталық.

▪ Сиыр – аналық.

▪ Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.

▪ Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.

▪ Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

▪ Қашақ – жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр.

ҚОЙ АТАУЛАРЫ

▪ Қозы, қошақан – қойдың жас төлі.

▪ Көрпеш – есейген қозы.

▪ Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.

▪ Көпей – кеш туған қозы.

▪ Марқа – қозының марқайған кезі.

▪ Бағлан – семіз марқа.

▪ Тоқты – жасы алты айдан асқан.

▪ Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Ісек – тарттырылған (кестірілген) қой.

▪ Құнан қой – үш жастағы қой.

▪ Дөнен қой – төрт жастағы қой.

▪ Азбан – тарттырылған қошқар.

▪ Қошқар – аталық.

▪ Саулық – аналық қой.

▪ Ақауыз қой – әбден семірген бойдақ қой.

ЕШКІ АТАУЛАРЫ

▪ Лақ – төлі.

▪ Бөрте – алты айлық төл.

▪ Шікіраз – жасқа толған еркегі.

▪ Туша – жасқа толған ұрғашысы.

▪ Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.

▪ Ешкі – аналық.

▪ Серкешік – жасқа толған еркегі.

▪ Теке – аталық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi