47. Берілген мәтінді оқы. Оның түрін анықта. Ойыңды дәлелде. 26 желтоқсан. Бүгін Айша апай ата-анамыздан сұхбат
алып келуді тапсырды. Қоятын сұрақтарымызды анықтап
алдық: «Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Мамандығыңызды ұнатасыз ба? Балаңыздың қай мамандық
иесі болғанын қалар едіңіз?»
Сұхбат алуды әкемнен бастадым. Бірінші, екінші сұрақ-
тарды жап-жақсы қойғаныммен, үшіншісінде қиналдым.
Қайта-қайта жаттап, сұхбатты толық аламын дегенше,
ұйқыға жататын уақыт та болды. Анамнан сұхбат ала ал-
мадым. «Анам ауруханада жатыр», - деп айта салмақшы
болдым.
• Қарамен жазылған ата-ана, жап-жақсы, қайта-қайта сөздері-
нің емлесін есіңе сақта. Олардың жасалу жолдарын салыстыр