44. Мәтінді оқы. Ат қой. Жазғы демалыста Арман мен Нұрлан атасы мен
әжесінің ауылына қыдырып барды. Бір уақыт аталары-
на көмектесті. Бау-бақшаны арамшөптерден тазартып,
ретке келтірді.
Бірде Арман Нұрланды шақырды. Ағаш түбінде
шиқылдап жатқан сарыауыз балапанды көрді. Бұл
ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың бала-
паны екен. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа
балапан шиқылдай береді.
Арман сатыға шығып, балапанды ұясына қайта сал-
ды. Атасы немерелерінің бұл әрекетін құптады.
«Жыл он екі ай» кітабынан
• Мәтін неге үш бөлікке бөлінген?
• Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қой.
• Балапанды сипаттау мәтіннің қай бөлігінде берілген?
• Сұрақтардың жауабын жаз.
1. Арман мен Нұрлан аталарына қашан және қалай
көмектесті?
2. Олар қандай балапанды тауып алды?
3. Балалар не істеді?
• Өзіңді Арманның орнына қойып көр. Не істер едің? Ойың-
мен бөліс.​

artem759342 artem759342    3   11.05.2021 12:44    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi