40. Мәтінді мұқият тыңда. Әке-шешем қойшы болды. Айдалада - ақ боз үй. Айнала
ның бәрі бұйра-бұйра құм. Сексеуіл, жусанды дала. Бу
отар малды шеген құдықтан суарады. Бір отарда мың
жуық қой бар. Құдықтың басындағы айналмалы ағаш
шығыр* арқылы түйеге арқан байлап, қауға* тартамын.
Бір қауғаға 30 литрдей су сыяды. Әкем қауғадағы суды
ағаш науаға құйып тұрады. Мың қойды суару үшін қанша
рет қауға тарту керек?! Әр қой кемінде бір литрге жуық су
ішеді. Қанша қауға тартқанымды санап отырамын. Жүзге
дейінгі санды қауға тартып жүріп үйрендім.
Көпен Әмірбек
• Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру
Сұрақтарға жауап беріп көр. Сұрақ құрастыруда «Қалай ойлайсың?»,
«Сенің ойынша, ...», «Неліктен?», «Не себепті?» сұрақтары мен тір-
кестерді пайдалан.
• Әңгімедегі бала санауды қалай үйренді? Оның әке-шешесі кім?
• Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жаз. Күрделі сөз-
дердің астын сыз.