40. Өлеңді дауыс екпіні мен ырғағын сақтап оқы. Қарамен жазыл- ған сөздердің мәнін бет-бейне қимылы арқылы көрсет.
Асау тайым бермеді бой,
Ашу мені кернеді ғой.
О-ой!
Тарғыл жылан шақпады шақ,
Табанға сап таптадым-ақ.
А-ах!
Шыбық алып, ешкі қуып,
Шаршадым мен кешке жуық.
У-ух!
Ренжітер бұл да ағайды,
Оқымадым «Одағайды».
Қа-ап!
Қадыр Мырза Әли
- Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгілеріне на-
зар аудар.