4 туынды етистки терип жазыныз Саятшылық – үлкен өнер. Әр кезде оның мән-мағынасын дұрыс түсіне білу керек. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, керісінше, оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін орнын, жүріс-тұрысын, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп болған. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алып, үркітпейді, қайта оларға қамқор болып жүреді. Қазақ халқында құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермеген, қалағанын ғана таңдап, оларды талғап ататын болған. Оның себебі – табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, өзіне қажетін алуды, өзін аялауды, мейірімді көзбен қарауды қалайды. Ол ешқашан да өзін жәбірлеуді, рақымсыздық жасап, қиянаттауды көтермейді.