4-тапсырма жануарлардын минез кулыктары​

Intagul Intagul    1   02.11.2020 07:18    4

Ответы
4444asas 4444asas  02.12.2020 07:19

ответ.

Жан-жануарлар Мал өз төлін тастап кетпейді және оны қорғайды. Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде болатын «текенің бұрқағы» деп аталатын боранда киік текесі маталады, яғни киік күйегі 2-3 күн ішінде өтеді. Мамыр айының аяғында күнде мыңдаған киіктер 2-3 күнде лақтап болады. Мамыр айының аяғында соғатын «құралайдың салқыны» амалында киіктер лақтарын аяқтандырып, желге қарсы өргізеді. Киіктердің ұрғашылары лақтаған соң, текелері бөлініп шығады. Лақтар есейген соң күзде қайта қосылады. Басқа малдай емес, киік (ақбөкен) кез келген құралайды (киік баласын) нешеу болса да емізе береді. Киік қолға түскенде тартынбайды және ба­уыздап жатқанда аяғын серіппейді. Жылқы өліп бара жатса да жаман су ішпейді. Жылқыда өт болмайды. Ат аунаса өзінің шаршап, шалдыққанын ұмытып кететін көрінеді. Түйе өзіне зәбір берген адамды ұмытпайды және кек алуға тырысады. Жылқы, түйе, сиыр қандай қатты боран болса да, өз ауылын адаспай табады. Жылқы мен түйе жүздеген, мыңдаған шақырым жерлерден өзі өскен жерлерді тауып бара алады. Түйе, сиыр, жылқы егіз тумайды. Түйе екі жылда бір боталайды. Жан-жануарлар ішіндегі ең кішіпейіл мал – түйе. Ол кішкентай бала жетелесе де елпілдеп ере береді. Ең сұлу әрі әдемі көз – бота мен киіктің көзі. Ешкі жылына екі рет төлдейді. Қандай қалың шаң, тұман, боран болса да, құлан өз бағытынан адаспайды. Мал ішіндегі ең төзімдісі – түйе, ең момыны – қой. Шөлге ең төзімді жануар түйе емес, керік екен. Ең нәзік жануар – түйенің ботасы. Мысықты қалай тастасаң да, төрт аяғымен түседі. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұра алатын – ит пен мысық. Ит – онға, мысық жүзге жуық түрлі дыбыс шығарады екен. Ит иесін сатпайды, далаға тастап кетпейді және оны дұшпандарынан қорғайды. Жақсы ит пен тазы иесі өлгенін біледі және жоқтап ұлиды. Аңдар Жолбарыс пен арыстан өзі аулап алған аңның ғана етін жейді екен. Жемтікке көз салмайтын көрінеді. Қасқыр әр ісін ақылмен істейді. Қасқыр арқан аттамайды. Қасқыр өз апаны жанындағы ауылдың малына шаппайды. Қасқыр өз «заңына» ғана бағынады, қолға үйренбейді. Қасқырлар ақпан айының қатты суық әрі боранды күнінде ұйығады. Қасқыр бөлтіріктерін алдырса, өш алмай қоймайды. Маймыл мен тауық жем тапса өздері жемей, басқаларды шақырып, бөлісіп жейді. Мысық көзінің қарашығы тәулік ішінде үлкен-кішілі болып өзгеріп тұрады. Қоян жылына 3-4 рет балалайды. Ақкіс қыста көбінесе қардың үстімен емес, астымен жүреді. Кенгуру 10 метрге секіре алады. Аю қыста ұйықтап қалады. Қоян алды-артын мойнын бұрмай-ақ көре алады. Жан-жануарлар алыбы піл тышқаннан өлердей қорқады екен. Қасқыр мен түлкі сонар кезінде жатқан орнынан қозғалмайды екен. Бұғы мүйізі кесілген соң анадай жерге барып тоқтап, міндетті түрде артына қарайтын көрінеді. Қолтырауын су түбіне тереңірек бату үшін тас жұтып алатын көрінеді. Қолтырауын жемін өлтіріп жеп алып, артынан ағыл-тегіл жылайды екен. Егеуқұйрық бес қабатты үйден құласа да өлмейді. Көртышқан бір күнде 100 метр жер қаза алады. Нағыз қасиетсіз нәрсе – доңыз. Ол жем, су талғамайды, тіпті ол өз торайын да жей береді. Жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер ауа райының өзгеретінін (бұзылатынын) күні бұрын сезеді. Суда адамға ең жақын жүретін – дельфин. Дельфиндер бір көзін жұмып, бір көзін ашып ұйықтайтын көрінеді. Суыр мен зорман өз індерінің жанындағы шөптерді жемейді екен. Үйірі бөлек қасқырлар жайшылықта бір-біріне өш болады. Егер олар торға түсе қалса немесе терең орға құласа, әдеттегідей бір-бірімен жауласпайды, үнсіз отырады. Арыстандардың кейбіреулері күніне 50 ретке дейін жұптаса алады екен. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғатын көрінеді. Кірпі өзіне керек жапырақтарды инелері арқылы арқасына жабыстырып әкетеді. Хамелеон өзінің түр-түсін өзгертіп тұрады. Кенгуру баласын өзінің қарын-қапшығына салып өсіреді. Ақсуар деген аппақ аң үстіне кір жұқтырғаннан өлімді артық көреді. Мысалы, аңшылар оны батпаққа қамаса, олар оған түспей, аңшылардың қолына өздері келіп түсетін көрінеді. Құстар Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді. Ең көреген құс – үкі. Ол қараңғы жерден де анық көре алады. Қаз бен бүркіттен басқа құстардың балапандары қолға (асырауға) көнбейді. Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады. Құстар көктемде өздері өскен жерлеріне қайтып келеді. Бүркіт әбден қартайған кезде өзін-өзі аспаннан тас­тап өлтіреді. Бүркіт балапаны жетілген кезде оны ұясынан итеріп, құлатып жібереді. Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмей­ді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі. Бозторғай туған жерінен қыста да, жазда да кетпейді. Бозторғай таң атқанын білдіріп шырылдайды. Әтеш күн шыққанын хабарлап, шақырады. Қандай тұман болса да құс өз жолынан адаспайды. Адамға ең жақын жүретін құс – қарлығаш. Ол ұясын адам бар жерге салады. Әнші құс – бұлбұл.

Объяснение:

осылай шама келсе 5-6 сөйлем жазып көр!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi