4-тапсырма. Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар. Оқыған кезде ерін үндестігі заңын ескеріңдер. Қазақстан Қазақстан өлкесінің кеңдігін Өлшеп жатпай өзгелерше, мен бүгін Оңай ғана ұғындырып байқайын, Болмашы бір белгілерін айтайын. Қыстыгүні бөлмеңізде пеш қызып, Көрінгенде сол қызудан кеш қызық. жанған отқа сүйсіне зер салыңыз, Қазақстан көмірі деп таныңыз. Туралғанда ақ мамықтай бөлкелер, Түспей ме еске астық еккен өлкелер?! Соның бірі - Қазақстан, таныңыз, Соның наны жеген осы наныңыз. Дастарқаннан нарттай қызыл алманың Қол созғанда тандап бірін алғалы «Қазақстан!» дей көріңіз, бауырым, Осіруші алманың ең тәуірін...