4-тапсырма Тұлғаға қатысты тиісті сипаттаманы анықтап, сәйкестендіріңдер.
Ол «Шаньюй» атағына ие болды. Әскеріне «ысқыратын жебесі»
қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. 24 түменбасыны тағайын-
дап, әрқайсысына басқаратын аумақ пен 10000 әскер бекітті.
Әскері үйсін мемлекетін талқандады. Ол ғұндарды басқара оты-
рып, батысқа қарай жылжып, қаңлылар жеріне жетті. Талас өзені
бойында қамал салдырды.
Мөде
Ол халықтарды сілкіндіру үшін жаратылды. Бәрін қалтыратып жі-
берді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді.
Чжи Чжи
Шығыс Рим империясы онымен өзіне тиімсіз келісімшарт жасасуға
мәжбүр болды.
Аттила
Ол атты әскерлерін қабырғалардың бойына саппен орналас-
тырып, жаяу әскерін қақпаның екі жағына «балық қабыршағы»
сияқты тұрғызды.
Ол өзінің атты әскерімен Хань императоры жауынгерлерін жеті
күн қоршауда қалдырады. Кейін екі ел арасында «тыныштық пен
бейбітшілік» туралы келісім жасалады.