4-тапсырма. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, оларды құрамына қарай талдаңдар. 1 -1 н -2 1. Ұзын бойлы, әскери киімді, ақ сары кісі қақпа сыртындағы дар ат жеккен тарантасқа мінгізді де, «айда!» дегендей белгі берді (Б.Тог.). 2. Іңір' түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып, жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естілді (м.Ә.). 3. Келген қонақтарды үлкен үйге кіргізді. 4. Құлазыған жазық далада Аппақ қардан еш нәрсе көрінбейді. 5. Шөлдеп келген жауынгерлер суық қымыздан бір-бір жұтысты. 6. Жабайы торы атын бір күн Тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді (Ғ.Мүс.). 1. «Жігітектен отыз кісі хатқа тізіліпті» деген хабарды естігенде, Байдалы өз ауылына Базаралыны шақыртып алды (М.Ə.).