4-тапсырма. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойындар. Себебін түсіндіріңдер.
«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі қазақстандық «Нұр әлем» па-
вильонында күн энергиясымен жүретін көліктер қойылған
Қазіргі таңда күннен қуат алатын темір тұлпарларды тізгіндеу
«арман» болғанымен, болашақ ұрпақ үшін қажеттілігі көп
Төбесінде күн панелі, ортасында күн батареясы орналасқан
көліктердің бірі – «Стелло» деп аталады 2013 жылы Нидерлан-
ды елінде құрастырылған күн-көліктің жалпы ұзындығы төрт
метр, ені бір метрден асады Ол «күн сәулесімен жүретін әлемдегі
алғашқы отбасылық көлік» саналады Төрт адамға шақталған
темір тұлпар сағатына 130 шақырымды бағындыра алады Ал
жаңбырлы күндері және түн мезгілінде энергиялық қуаты 700
шақырымға дейін жетеді
Жанар-жағармайсыз жүретін көліктердің қатарында «Бо
Круизер» атты неміс машинасы да орналасқан Бір адамға
арналған көлік сағатына 120 шақырымды бағындырады. Күн
сәулесі болмаған күндері жинақ энергиясы 500 шақырымға
дейін жетеді деп жоспарланған
Ал күн энергиясынан қуат алатын ұшақ туралы естіп пе
едіңіз Мұндай әуе көлігін Швейцария мемлекеті жасап шығарған
«Солар Импульс» атты екі адамдық ұшақ 40 шақырымға дейін
жарықтың көмегімен самғай алады Мұнда 17 мың күн панелі
орналасқан «Бұл өте тамаша өнертабыс қолданысқа енер
болса, шаруашылық мақсатына қолдануға әбден ыңғайлы әрі
тиімді», дейді көрме мамандары
Ең бастысы, бұл көліктердің қай-қайсысы да экология үшін
оңтайлы Ал Қазақстан «баламалы энергияға» негізделген мұн-
дай жобаларға ерекше маңыз берері сөзсіз

урган1 урган1    2   30.04.2021 12:26    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi