4-тапсырма Прочитайте и составьте 5 вопросов. Алтайдағы қасиетті орындардың бірі — Мұзтау (4506 м). Мұзтау - Ал-
Тай тауының ең биік шыңы. Үндінің қасиетті аңыздарында Мұзтауды «төрт
мұхиттың кіндігі» деп сипаттайды. Шынында да, Мұзтау Солтүстік мұзды
мұхит, Тынық мұхит пен Үнді мұхит сияқты үш мұхиттың дәл ортасында
орналасқан. Ежелгі жазбаларда ол «Жер кіндігі» деп аталады.
Мұзтауда ежелгі адамдар өмір сүрген үңгірлер, түркi заманынан қалған
ескерткіш көп. Ең терең үңгір «Экологиялық» деп аталады. Оның ұзындығы
3 шақырым, ал төмен қарай 345 метрге созылған. Ары қарай жерасты өзені
басталатындықтан, зерттелмеген.
Жер шарының энергетикалық өрісі Мұзтауда тоғысқан. Оның энер
гетикалық өрісі ғарышпен байланысты. Келген адамдарға Мұзтау күш бе-
реді, денсаулығын түзейді Адамдар біресе Мұзтаудың әдемілігіне қызыға-
ды, біресе қасиетіне таңғалады.