4-тапсырма. «Попс» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Қапа көңілмен отырып Тоқтар әлгінде өзімен ала шыққан тран-
зистордың құлағын бұрайды. Баяғыда «Маяк» деген радиостансы
болатын. Сол радио КСРО халықтары әндерінен бір концерт бере
калыпты. Кенет... Әдемі бір сыбызғы әуен естіледі.
Әннің қайырмасына келгенде Тоқтар тіпті елтіп, айдалада, Қиыр
Шығыстың бір қиыр шетінде қамығып жүргені мүлдем естен шығып,
ерекше бір күйге бөленеді. Қазақтың бұлбұл үнді әншісі Бибігүл
Төлегенованың орындауындағы «Гауһартас» осылайша өршіл жастың
жүрегінде жатталып қалады.
Жас жігерін сонда Тоқтар былайша жаныған төрізді: «Осындай
керемет ән тудырған біздің қазақ - қандай ғажап халық. Сол халық-
тың мен де бір баласымын. Белді бекем буайын. Ата жолын қуайын.
Қайратыма мінейін. Қапаланбай жүрейін. Елге қызмет етейін.
Мақсатыма жетейін».
Сөйтіп, қыран дүр сілкінеді. Қайта түлейді.
Н. Жүсіп, «Қыран қазақ» деректі әңгімесінен
«ПОПС» формуласы: